ӨМІРБАЯН
Нурланова Гульнара Казтаевна 1961 жылдың 25 желтоқсанында Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қоғалы ауылында дүниеге келді.
Еңбек жолын 1980 жылы орта мектепті оқып бітіргеннен кейін мектеп фельдшері болып бастаған.
1981 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтына оқуға түсіп, 1987 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аталған институттың толық курсын оқып бітірді.
1987 жылы №3 перзентханаға акушерлік-гинекология бойынша бір жылдық интернатурадан өтуге қабылданды. 1988 жылы интернатураны оқып бітіргеннен кейін №3 перзентханаға дәрігер акушер-гинеколог қызметіне қабылданды.
1991 жылы физиологиялық бөлімшенің меңгерушісі болып тағайындалып, 1999 жылы жүктілер патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі болып ауыстырылды. 2007 жылдан бастап 2014 жылға дейін №3 перзентхана бас дәрігерінің орынбасары болып істеді.
2014 жылдан бастап 2021 жылға дейін №2 перзантхананың бас дәрігері болып жұмыс істеді.
2021 жылдың 30 маусымында ШЖҚ «Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы» КМК директоры болып тағайындалды.
Үш балам бар.
Соттық жауапкершілікке тартылмадым.
«Аманат» партиясынын мүшесі.