Бүгін: 14.08.2022
Отбасы - қазақстандық қоғамның негізгі, экономикадағы біздің еліміздің барлық жаңа жетістіктері негізі, мәдениет, әлеуметтік саясат болып табылады.

 Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында 29-30 жүктілік жасында, салмағы 1800 кг, нәрестенің гемолитикалық ауруы ауыр диагнозымен шала туылған қыз бала туылды.

Нәрестенің гемолитикалық ауруы – ана мен іштегі нәресте қанының резус факторы, қан тобы және басқа да қан факторлары бойынша сәйкес келмеуінен туындаған анемия.

Ауру балаларда туған сәттен бастап байқалады немесе өмірдің алғашқы сағаттары мен күндерінде анықталады.

Нәрестелер бөлімшесінің меңгерушісі Саният Иминованың айтуынша, бұл жаңа туған нәрестенің эритроциттері ананың антиденелерінің әсерінен бұзылатын немесе жойылатын ауру.

«Гемолиз – эритроциттердің бұзылуы. Қыз баланың жағдайы ауыр болды. Баланың титрлері өте жоғары болды – 8 мыңға 1 антиденелертитрлері. Бұндай балалар 95% жағдайда қаза болады. Бұдан бөлек, жаңа туған нәрестеде жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігі, жіті бүйрек жарақаты, шемен ауруы болды. Жаңа туған нәресте өз бетімен тыныс ала алмады. Қыз бала 25 күн жасанды тыныс алу аппаратында болды»- дейді дәрігер.

Сәби жансақтау бөлімінде 40 күн жатып, жағдайы тұрақтанғаннан кейін ғана патология бөлімшесіне ауыстырылды. Бөлімшеде дәрігерлер оған тағы 3 апта бойы барлық қажетті медициналық көмек көрсетті. Қазіргі таңда қыз бала үйіне шығарылды.

 – Осы Орталықтың дәрігерлеріне көп рахмет. Олар шынымен ақ халатты періштелер! Күйеуім екеумізде бұл бесінші баламыз, оның алдында 4 ұлымыз бар. Бұл біздің көптен күткен қызымыз, біз оны асыға күткен едік. Бізге физикалық жағынан да, моральдық жағынан да көмектескен барлық қызметкерлерге рахмет, – дейді көзіне жас алған нәрестенің анасы.