Бүгін: 14.08.2022
Отбасы - қазақстандық қоғамның негізгі, экономикадағы біздің еліміздің барлық жаңа жетістіктері негізі, мәдениет, әлеуметтік саясат болып табылады.

Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында «Неонаталды қарқынды терапиядағы өзекті мәселелер» тақырыбы бойынша халықаралық симуляциялық тренинг жалғасуда. Кеше және бүгін спикерлер Юденков Денис Иванович пен Елисеева Наталья Владимировна келесі тақырыптарда дәріс оқыды:

✅инвазивті емес респираторлық қолдауды қамтамасыз ету және мониторингпен қамтамасыз ету мәселелері

✅жаңа туған нәрестелердегі гипоксемиялық тыныс жетіспеушілігі және оларды тұрақтандыру алгоритмі

✅неонатологиядағы әртүрлі патология кезінде инвазивті респираторлық қолдауды қамтамасыз ету ерекшеліктері

✅жаңа туған нәрестелердегі гемодинамикалық бұзылыстарды жүргізудің физиологиялық бағдарланған тәсілі, НРҚТБ-дағы SAFE-R + ультрадыбыстық хаттамасы

✅перинаталдық кезеңдегі жүрек-қантамыр жүйесінің физиологиясы және қауіпті туа біткен жүрек ақауларын танып білу

✅жаңа туған нәрестенің реанимациясының және терапевтік гипотермияның қағидасы мен алгоритмі

✅неонаталды гипогликемия және мидың зақымдануы

✅жаңа туылған нәрестелердегі бактериялық сепсис Сондай-ақ симуляциялық тренингтер өткізілді:

➡️adaptive, set-point таргеттеу әдісімен басқарылатын қысыммен қамтамасыз ету арқылы өкпені желдету

➡️жаңа туған нәрестелердегі реанимация алгоритмі