Бүгін: 14.08.2022
Отбасы - қазақстандық қоғамның негізгі, экономикадағы біздің еліміздің барлық жаңа жетістіктері негізі, мәдениет, әлеуметтік саясат болып табылады.

ШАЛА ТУҒАН БАЛАЛАРДАҒЫ БРОНХ-ӨКПЕЛІК ДИСПЛАЗИЯ

Шала туылған нәрестелерде өкпенің жасанды желдетуін (ӨЖЖ) қолданғаннан кейін жиі бронхөкпелік дисплазия (БӨД) дами бастайды. Бұл бірнеше факторларға байланысты туындайды: бұл шала туылған нәрестелер өкпесінің нақ  жетілмегендігі және ӨЖЖ-нің қарқынды режимі. Ауру бала өмірінің 3-ші жылында толық ремиссиямен сипатталады.

БӨД НЕГЕ ПАЙДА БОЛАДЫ?

БӨД – сурфактант (альвеолаларды жауып тұратын және олардың төмендеуін болдырмайтын қабықша) тапшылығы, өкпе ісінуі, оттегінің жоғары мөлшерін ұзақ уақыт пайдаланғанда (оттегінің бос радикалдарымен зақымдану және т.б.) , ӨЖЖ, қабыну, бактериялар мен вирустардың әсері және т.б. кезінде пайда болуы мүмкін. Жоғарыда аталған факторлардың әсерінен өкпенің жетілмеген тінінің барлық дерлік құрылымдық компоненттері зақымдалады, бұл өкпе қызметінің созылмалы бұзылуына және сау тіндердің фиброз аймақтарымен алмастырылуына әкеледі

БӨД ҚАЛАЙ БАЙҚАЛАДЫ?

Балада бронхоөкпелік дисплазия болған кезде, терісі бозарып, цианоз болады, тыныс алу минутына 80-100-ге дейін жиілейді, тыныс алу қосымша бұлшықеттердің (қабырға аралық бұлшықеттер) көмегімен жүреді. Фонендоскоппен тыңдағанда: әлсіреген тыныс, сырылдар немесе қатты тыныс алу болады. Егер БӨД-тің ауыр түрі дамитын болса, онда басқа органдар да зақымдалады: жүрек, бүйрек, бауыр (қан айналымының шамадан тыс жүктелуіне байланысты).

СТАЦИОНАРДАН ШЫҚҚАННАН КЕЙІН МАМАНДАРҒА ҚАЛАЙ БАҚЫЛАНУ КЕРЕК ЖӘНЕ НЕГЕ КӨҢІЛ БӨЛУ КЕРЕК?

Асқыну кезеңінде терапияны таңдау, рахитті уақытылы емдеу, анемияны түзету мақсатында міндетті түрде учаскелік педиатрдың бақылауы. Емдеуді таңдау немесе  БӨД терапиясын түзету, сыртқы тыныс алу функциясын бағалау мақсатында пульмонологтың бақылауы. Сондай-ақ нәрестенің тамақтануын бақылау маңызды. Артық салмақ қосу керек, бойдың өспей қалуынан сақтану керек (тәулігіне 140-150 ккал / кг тамақтанудың жоғарылауы, емшек сүтімен емізетін аналарда сүтті күшейткіштермен байыту немесе арнайы қоспаны таңдау арқылы іске асырылады).