Жүгіру жолы •
AA+
ШЖҚ "Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы" КМК
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
Дәрігердің қабылдауына жазылу
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
Жедел жәрдем шақыру
Біз сіздің сұрауыңызды алдық және оны жақын арада өңдейміз! Өкінішке орай, сұрауыңызды өңдеу мүмкін болмады.
Үйге дәрігер шақыру
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
Онлайн рецепт бойынша тапсырыс беру

Кіру немесе тіркелу

Жүгіру жолы •
ШЖҚ "Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы" КМК
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
AA+

+7 (777) 777-77-77

Вход в аккаунт Kz

Перинаталдық скрининг бағдарламасы аясында Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының базасында қала әкімдігі және С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ қолдауымен, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Орал федералды округі бас акушер-гинекологы, РФ еңбек сіңірген дәрігері Башмакова Надежда Васильевнаның акушерлік клиникадағы заманауи технологиялар мен инновацияларға, атап айтқанда, ұрық хирургиясы әдістерін енгізу және дамыту мәселелеріне арналған оқу бағдарламасы басталды.

Іс-шараны ашқан Алматы ҚДСБ басшысының орынбасары Назгүл Иманғалиева мұндай семинардың маңыздылығын атап өтіп, бұл сөзсіз перинаталдық сырқаттанушылық пен көп жүктілік кезіндегі өлім-жітім деңгейі мен кейбір туа біткен даму ақауларын төмендетуге мүмкіндік беретінін сөз етті.

С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ акушерлік және гинекология кафедрасының резиденттері, (акушерлік және гинекология мамандықтары), оқытушылары, сондай-ақ практикалық дәрігерлер және клиникалық базалардың тәлімгерлерімен бес күндік оқыту семинары шеңберінде келесі мәселелер қаралатын болады:

Фетальді хирургия: проблемалар, мүмкіндіктер және серпінді технологиялар

Кесарь тілігінен кейін табиғи босану

Акушерлік қан кету. Қан менеджменті

Плацентаның бірігіп кетуі кезіндегі "қансыз " хирургия

Акушерліктегі септикалық асқынулар. Диагностика, емдеу және алдын алу

Ұрықтан айрылу синдромы. Жүктіліктің соңына дейін жетпеуі: клиникалық хаттамалардың мәселені шешуге қосқан үлесі. Истмико-церквиальді жеткіліксіздік. Заманауи түзету технологиялары

Бедеулікті емдеудің инновациялық әдістерін сынақтан өткізудің клиникалық хаттамалары. Хирургиялық гемостаз

Плацентаның алдында жатуы. Плацентаның мерзімнен бұрын бөлінуі

АФС синдромы. HELLP синдромы

ЭКО-дан кейінгі жүктілік. Көпұрықты жүктілік

Кесарь тілігі