Қазақстанда жыл сайын 20 000 - нан астам шала туған нәрестелер дүниеге келеді, олардың шамамен 20% - ын дене салмағы өте төмен 500 - ден 1000 грамға дейінгі балалар құрайды. Ретинопатияға ұшыраған шала туған нәрестелердің саны жыл сайын өсуде.

Көз торының дамуы бұзылған кезде шала туған нәрестелердің өмір бойы соқыр болып қалу ықтималдығы жоғары. Балалардың мүгедектігін азайту мақсатында AYALA қайырымдылық қоры еліміздің медициналық орталықтарын ретиналды камералармен жабдықтайды.

Forus Neo (Үндістан) ретиналды камерасы «Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында» қаңтар айының соңында орнатылды. Ол қазірдің өзінде жоғары қауіп тобындағы 100 - ге жуық нәрестені диагностикалауға көмектесті. Жабдықтардың толық жиынтығы мамандарға ерте диагностикалауға, сондай - ақ жаңа туған нәрестелердің көздерінің қауіпті ауруларын уақтылы емдеуге көмектеседі.

ПБКХО - ның офтальмолог - дәрігері Сабина Смағұлова ең қажетті жабдықтардың бірі ретиналды камера болғанын атап өтті.

Заманауи диагностикалық жабдықтың арқасында Орталықта жаңа туған нәрестелердің көздерінің ретинопатиясы мен басқа да патологияларының ерте скринингі жүргізіледі. Аппарат сатып алынғаннан кейін 2 сәбиге лазерлік хирургиялық ота жасалды. Нәрестелердің көз суреттері монитор экранына шығарылады, баланың көз торындағы өзгерістер өте жақсы көрінеді, олар түрлі - түсті және анық көрінеді. Сабина Асылбекқызы ауруға шалдыққан жерлерді дәл анықтап, олармен мұқият жұмыс істей алатынына өте қуанышты. Ретиналды камераға дейін Орталықта диагноз қою кезінде тек маңдай офтальмоскопы болған. Қазір ретиналды камераның көмегімен жаңа туған нәрестелерге диагностика жүргізу әлдеқайда дәлірек және көру қабілеті жақсарған нәрестелер саны көбейді. Бұл үшін біз AYALА қайырымдылық қорына ризашылығымызды білдіреміз, - деді Сабина Асылбекқызы.