Мұсаева Шолпан Абдоллақызы- ШЖҚ КМК «Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының» клиникалық жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары. 1972 жылы туылған, ұлты қазақ , жоғарғы медициналық білімі бар дәрігер.
Кәсіби тәжірибесі - 29 жыл.
1994 жылы Ташкент Мемлекеттік медицина университетін тәмамдаған. 1994 пен 1995 жылдар аралығында Ташкенттегі Акушер Гинекологиялық ғылыми зерттеу институтында интернатурада оқыған.
1995 - 1999 жылдары акушер-гинеколог мамандығы бойынша Ташкенттегі N°55 мемлекеттік емханада жұмыс істеді.
1999 – 2005 жылдары Ташкент қаласындағы N°6 перзентханада акушер-гинеколог болып жұмыс істеген.
2005 - 2015 жылдары Алматы қалалық Перинатология орталығында акушер-гинеколог, ақылы қызмет көрсету, физиология, жүктілер патология бөлімшелерінің орынбасары болған.
2015 жылдан бастап Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында ақылы қызмет көрсету бөлімшесі мен N°1 босанғаннан кейін бөлімшесінің орынбасарының міндетін атқарған.
2021 жылдың шілде айынан бастап пациентті қолдау қызметі мен ішкі аудит жөніндегі директордың орынбасары.
Жоғарғы санатты дәрігер.
Екі баласы бар.
«Аманат» партиясының мүшесі.
Мейірбике ісі жөніндегі директордың орынбасары
Әміреева Әлия Анарбекқызы 1973 жылы 14 тамызда Алматы облысы Райымбек ауданында дүниеге келген.
Медициналық колледжді бітіргеннен кейін 1997 жылы №4 перзентханада акушер-гинеколог ретінде қабылданды. 2011 жылы жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесінде және қабылдау бөлімінде бас акушер қызметін атқарған.
2018 жылы еңбек жолын №2 перзентханада жүкті әйелдер патологиясы мен қабылдау бөлімінде бас акушер ретінде жалғастырды.
2021 жылғы 22 қазанда Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы бастығының бұйрығымен Алматы қ. ШЖҚ КМК "Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы" директорының мейірбике ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Өз мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты берілген сертификаты бар.
Бойдақ. Сотталмаған.