- 11
2023 жылдың 26 мамырында ШЖҚ КМК «Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының» директоры Нұрланова Гүлнар Қазтайқызы мен №1 Тюмень облыстық клиникалық ауруханасының бас кардиохирургы Горбатиков Кирилл Викторович өзара түсіністік пен серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Басты мақсаттары: екі тарап жақтан «Туа біткен жүрек ақауы» деген диагнозы бар балаларға кардиохирургиялық қызметті дамыту, сондай-ақ, медицина мамандарының біліктілігін арттыру үшін ТЖА-мен балаларды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін қолдану.
Екі тараптың көздегені: ұзақ мерзімде ынтымақтастық қарым-қатынасты сақтай отыра, туа біткен жүрек ақауы бар науқас балалардың өлім-жітім көрсеткішін төмендету. Медициналық мекемелер тарапынан кардиохирургия бөлімінің мамандарының кәсіби біліктілігін арттыруын ұйымдастыруы бойынша ақпарат алмасты. Ынтымақтастық арқылы кардиохирургтар туа біткен жүрек ақауымен ауратын балаларды емдеу үшін кардиохирургия саласындағы тиімді заманауи емдеу аппаратымен мен технологияларын енгізетін болады.
- 17
Ағымдағы жылдың сәуір айында бес күн ішінде Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының ШЖҚ «Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы» КМК (бұдан әрі – ПжБКХО) базасында С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Орал федералды округінің бас акушер-гинекологы, профессоры, медицина ғылымдарының докторы, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген дәрігері Башмакова Надежда Васильевнаның жетекшілігімен оқыту бағдарламасын өткізу ұйымдастырылды.
Бағдарлама Алматы қаласының дәрігер акушер-гинекологтарының, ҚазҰМУ кафедра қызметкерлері мен резиденттерінің қатысуымен акушерлік клиникадағы заманауи технологиялар мен инновациялар бойынша тәжірибе алмасуды қамтыды.
- 73
Перинаталдық скрининг бағдарламасы аясында Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының базасында қала әкімдігі және С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ қолдауымен, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Орал федералды округі бас акушер-гинекологы, РФ еңбек сіңірген дәрігері Башмакова Надежда Васильевнаның акушерлік клиникадағы заманауи технологиялар мен инновацияларға, атап айтқанда, ұрық хирургиясы әдістерін енгізу және дамыту мәселелеріне арналған оқу бағдарламасы басталды.
- 97
Алматы қаласы медициналық ұйымдарының ультрадыбыстық мамандары Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының базасында пренатальды ультрадыбыстық диагностика бойынша шеберлік сыныбына қатысты.
Сабақта Мәскеуден келген медицина ғылымдарының кандидаты Елена Андреевна өз тәжірибесімен бөлісті.
- 111
Алматы қаласының Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына сараптамалық бағалау нәтижелері бойынша жоғары санатты мәртебесі бар аккредиттеу туралы куәлік берілді.
- 117
❓Гинекологқа барудың оңтайлы уақыты?
🖊Егер сіз гинекологқа жыл сайынғы алдын-ала баруды жоспарласаңыз, онда оны менструациядан кейінгі кезеңде жасаған дұрыс. Себебі бұл дәрігерге мүмкіндік береді
📌сізді креслода көру;
- 112
Құрметті Алматы тұрғындары мен қала қонақтары!
Тәуелсіздік күні құтты болсын!
- 101
Осы мерекеге байланысты Алматы қаласының перзентханаларында салтанатты іс-шаралар өтті, онда бір кездері шала туған балалары бар отбасылар шақырылды.
- 114
Орталық қалалық клиникалық аурухана базасында медицина қызметкерлері үшін қала бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында оқыту іс-шарасын өткізді.
- 108
2022 жылғы 31 қазанынан 04 қараша аралығында Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ "Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы" МКК базасында "Жедел акушерлік және гинекология. Сыни күйлер" мастер-классы өткізілді. Мастер-класс Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ "Жоғары медициналық" колледжі КМК оқу-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған.
Басшы блогы
