Алматыда ауыр жүрек ақауымен туылған сәбиге ота жасалды
- 200
Дүниеге келгеніне 15 күн болған нәресте Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына туабітті жүрек ақауы диагнозымен түскен.
Мамандар тексеру барысында оның жүрегіндегі магистральді тамырлардың жұмысы мен артериалды қан айналымының бұзылғанын анықтады. Оған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде күрделі ота жасалды. Жамбыл облысынан келген нәрестенің іште жатқанда оттегі тапшылығы салдарынан орталық жүйке жүйесі зақымдалып, ағзадағы билирубин мөлшері де тым жоғары болған.
Балалар кардиохирургиясы бөлімі меңгерушісі Генадий Нигайдың айтуынша, ауруханаға жеткізілгенде бала өте ауыр халде болған. «Шетінеп кету қаупі жоғары болғандықтан жедел түрде ота жасау қажет болды. Кардиохирургтермен бірге күрделі ота жасалып, туабітті жүрек ақауы емделді, жүректегі тесік бітеліп, қан айналысы реттелді», - деді маман. «2 сағатқа созылған операция сәтті өтті.
ПЕРИНАТОЛОГИЯ ЖӘНЕ БАЛАЛАР
- 272
КАРДИОХИРУРГИЯСЫ ОРТАЛЫҒЫНДА Қазақстан Тәуелсіздігінің 30-жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік шарада директордың орынбасары Әлия Аймағамбетова Тәуелсіздіктің соңғы 30 жылының ішінде болған әлем және мемлекетіміз үшін маңызды уақиғалар туралы айтып өтті. Соңынан, аурухана қызметкерлеріне Қазақстанның денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін наградалар мен алғыс хаттар ұсынылды!
Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында он жылда 50 мың сәби дүниеге келген
- 590
Медициналық мекеме айтулы мерейтойын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында атап өтті
Бүгін Алматыдағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының ашылғанына 10 жыл толды. Қаншама нәрестелердің дүниеге келуіне септескен медициналық мекеме өзінің айтулы мерейтойын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында атап өтуде
Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында он жылда 50 мың сәби дүниеге келген
- 332
Медициналық мекеме айтулы мерейтойын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында атап өтті
Бүгін Алматыдағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының ашылғанына 10 жыл толды. Қаншама нәрестелердің дүниеге келуіне септескен медициналық мекеме өзінің айтулы мерейтойын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында атап өтуде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Дәрігерлер Алматыда жаңа туған сәбидің көзін құтқарды
- 309
Перинотология және балалар кардиохирургиясы Орталығында салмағы 900 грамм болатын жүктіліктің 29 аптасында шала туған бала дүниеге келді, деп хабарлайды Qazaqpress.
Жаңа туған нәрестені скрининг аясында дәрігерлер көздің ауыр ауруы – шала туылған нәрестелердің ретинопатиясы диагнозын қойды.
Алматыда дәрігерлер жаңа туған нәрестенің көзіне сәтті ота жасады
- 301
Ретинопатия – көздің ауыр ауруы, негізінен терең шала туған нәрестелерде дамиды
Перинатология және балалар кардиохирургиясы Орталығында жүктіліктің 29 аптасында шала туған, салмағы 900 грамм болатын нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды Almaty.tv Перинатология орталығының және балалар кардиохирургиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Басшы блогы
