«AYALA» қайырымдылық қоры «Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына» «Forus NEO» ретиналды камерасын сыйға тартты. Біздің орталыққа жаңа туған нәрестелер Алматы қаласынан да, облыстан да, жақын өңірлерден де келіп түседі. Жыл сайын шала туған балалардың туу саны өсуде. Біз диагностикамен және ерте офтальмологиялық скринингпен айналысамыз. 2023 жылы барлығы 889 бала қаралды, оның ішінде 134-і ретинопатиясы бар сәбилер. Шала туғандарға жасалған оталардың жалпы саны - 54.
«Forus NEO» ретинальді камерасы ерте диагностикалауға және балалардың көру қабілеті бойынша асқынулар мен мүгедектіктің алдын алуға көмектеседі.
«Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының» директоры Г.К.Нұрланова ұжыммен бірлесе отырып, «AYALA» қорына ретинальді камера үшін зор алғысын білдіреді. Соның арқасында біз көптеген шала туған нәрестелерді зағиптықтан құтқара аламыз.
«AYALA» жеке қайырымдылық қоры бала туғаннан бастап мүгедектікті азайту бағытында белсенді жұмыс істеп келеді. Қор біздің Орталықты екі бағытта - Ұрықты қорғау орталығын жетілдіру үшін және түрлі патологияларды құрсақішілік түзету оталарын жүргізу жоспарланып отырған Фетальді хирургия орталығын құру үшін арнайы жабдықтармен жабдықтауға және қызметкерлерді оқытуға үнемі көмектеседі.