АНЕСТЕЗИОЛОГТАР МЕН РЕАНИМАТОЛОГТАР КҮНІ
- 302
2021 жылғы 15 қазанда Алматы қаласының Перинатология және балалар кардиохирургиясы Орталығында ұжым өз әріптестерін акушерлік, неонаталдық және кардиохирургиялық қызметтің Дүниежүзілік анестезиологтар мен реаниматологтар күнімен құттықтады. Перинатология және балалар кардиохирургиясы Орталығының директоры Г. К. Нурланова құттықтау сөз сөйледі. "Сенім" медицина қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымынан реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне 100000 теңгеге сертификат берілді, сондай-ақ кәсіподақ ұйымынан Балалар кардихирургиясы және балалар реанимациясы бөлімшелеріне сертификаттар берілді.
АШЫҚ ЕСІК КҮНІ
- 282
Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында қала күніне арналған Ашық есік күні өтті. Орталықтың емханасында кардиолог, кардиохирург, терапевт, акушер - гинеколог мамандар балаларды қабылдап, оларға тегін кеңес берді. 10 эхокардиография,12 ЭКГ жүргізілді, кардиологпен 15 науқас және кардиохирургпен 12 бала қабылданды. Емдеу және одан әрі хирургиялық емдеу бойынша ұсыныстар берілді.
БАЛАҒА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛЫНДЫ.
- 239
Бүгін 14.05.21 күні біздің Орталықта аортаның сыни коарктациясы диагнозымен дүниеге келген Мырзакулованың баласы шығарылды.Аорта доғасының айқын гипоплазиясы,Дмжп, дмпп, Оап. Ақауларды түбегейлі түзету отасы жасалғаннан кейін стационарда 123 күн өткізді.
БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕ!
- 270
2021 жылғы 25 тамызда Перинатология және кардиохирургия орталығында бірінші сыныпқа баратын қызметкерлердің балаларына құрмет көрсетілді. Биыл мектепке 52 бала барады. Мереке онлайн-режимде өтті. Орталықтың кәсіподақ ұйымының барлық балаларына сыйлықтар жасалды: мектепке керек-жарақтары бар жарқын рюкзактар. Бірінші сынып оқушыларын құттықтаймыз!
«ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ»
- 205
Мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!
Бұл мереке біздің мемлекетіміздің бостандығы мен қуатының символы болып саналады. Тәуелсіздік алғаннан бері біздің халқымыз Қазақстанның ұлы тарихын жаңа жетістіктермен және табысты қайта құрулармен тамаша жалғастырды.
Сіздерге тұрақтылық, өркендеу, мықты денсаулық, сәттілік, отбасыларыңа амандық, Қазақстан Республикасының игілігі үшін табысты қызмет тілейміз!
Халықаралық медбикелер және акушерлер күні!
- 51
Халықаралық медбикелер және акушерлер күнімен құттықтаймыз! Орта медицина қызметкерлерінің өкілдері медбикелер, мейіргерлер, фельдшерлер, лаборанттар және акушерлерсіз медицина саласын елестету мүмкін емес. Халық денсаулығын жақсарту жолындағы сіздердің еңбектеріңіз ұшан теңіз. ШЖҚ «Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының» бас дәрігері Гүлнар Қазтайқызы салтанатты жиында барлық медбикелер мен акушерлерге ыстық лебізін білдірді: «Адамгершілігі мол абзал жандар, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Қызмет жолында атқарған еңбектеріңіз еселеніп қайтсын! Сіздерге зор денсаулық және әрқашанда көтеріңкі көңіл-күй тілеймін!» Алғысын білдіре отырып, Гүлнар Қазтайқызы 17 медбикелер мен акушерлерді мақтау қағаздарымен марапаттады.
ШЖҚ «Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының» КМК ұжымы атынан барлық медбикелер мен акушерлерді кәсіби мерекесімен құттықтаймыз.
Басшы блогы
