Құрметті емделушілер.
Құрметті емделушілер! Егер сіз «Перинатология және балалар кардиохирургия орталығының» медициналық көмек көрсету сапасына көңіліңіз толмаса немесе сұрақтарыңыз болса, сіз "емделушілерді қолдау және ішкі аудит қызметіне" көрсетілген телефон арқылы хабарласа аласыз:
CaII орталығы +7 708 983 28 45.; 08.00-17.00
2012 жылы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында "ішкі аудит қызметін құру туралы" ҚР ДСМ №923 бұйрығына сәйкес ішкі аудит қызметі құрылды, ол емделушілердің шағымдарын талқылау үшін ұйымдастырылды.
2015 жылдан бастап қызмет "емделушілерді қолдау және ішкі бақылау қызметі (аудит)" болып өзгертілді.
Қазіргі уақытта қызмет ҚР ДСМ 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-230/2020 бұйрығына сәйкес жұмыс істейді. Медициналық қызметтердің (көмектің)сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы заңға сәйкес құрастырылған.
Емделушілерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің басшысы-Мұсаева Шолпан Абдуллақызы.
Қызметтің міндеттеріне мыналар кіреді:
- Медициналық құжаттаманы жүргізу сапасын бақылауды жүзеге асыру;
- Медициналық көмектің сапасын арттыру жөніндегі бағдарламаны әзірлеуге қатысу;
- Емделушілердің шағымдарын бақылау;
- Бал беру технологияларын бағалау. Емделушілерге стандарттарға сәйкес көмек көрсету;
- Клиниканың кадрлық және материалдық - техникалық ресурстарын пайдаланудың жай-күйі мен тиімділігін бағалау;
- Орталық ішіндегі комиссиялардың қызметін талдау;
- Медициналық қызметте проблемалық мәселелерді анықтау.
"Емделушілерді қолдау және ішкі аудит қызметі" орталықтағы бөлімше меңгерушілерімен емдеу-диагностикалық процестің сапасы, медициналық құжаттаманы бірлесіп жүргізу бойынша жұмыс жүргізеді.
-Емделушілердің ауру тарихтарының кемінде 10% -ын тексеруді жүзеге асырады;
-Медициналық құжаттаманы жүргізудегі ауытқулар мен кемшіліктерге және емдеу-диагностикалық процестің сапасына талдау жүргізеді;
- Ай сайын орталық директорына аудит нәтижелері жайында есеп береді;
- Емделушілер ұсынған шағымдарға талдау жүргізеді.
- Емделушілерден сауалнама алады.