Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында қала күніне арналған Ашық есік күні өтті. Орталықтың емханасында кардиолог, кардиохирург, терапевт, акушер - гинеколог мамандар балаларды қабылдап, оларға тегін кеңес берді. 10 эхокардиография,12 ЭКГ жүргізілді, кардиологпен 15 науқас және кардиохирургпен 12 бала қабылданды. Емдеу және одан әрі хирургиялық емдеу бойынша ұсыныстар берілді.