Салтанатты шара орталық директоры Гулнар Нурланованың алғы сөз бен құттықтауларымен басталды, ол кісі балаларға зор денсаулық, амандық тіледі.

 - Балалар - біздегі ең құнды нәрсе. Балаларды қорғау күнін біздің Орталық үшін мереке деп айту өте қиын, өйткені бұл біздің күнделікті жұмысымыз. Бізде Балаларды қорғау күні – жылына 365 күн, аптасына 7 рет, тәулігіне 24 сағат болады. Бұл мерекеде біз әдетте бүкіл халқымызды біріктіретін нәрсе туралы айтамыз: біздің ең үлкен байлығымыз бар - бұл біздің балаларымыз, біздің болашағымыз. Бұл күні біз басқа да күндер секілді балаларды қорғауға дайынбыз. Мереке құтты болсын!, - деді ол өз сөзінде. 

Мереке соңында балаларға сыйлықтар табыс етілді.