Осы мерекеге орай, Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының босану блогы акушері Гульнар Атмышева туралы айтқымыз келеді.
Акушер – бұл жай ғана мамандық емес, ол қабілеттілік, өмір бойғы махаббат. Бұл жолды таңдағандар көбінесе ауыр жүктемеге және қиындықтарға қарамастан, соңына дейін оған адал болып қалады.
Кейіпкеріміздің медицина саласында 35 жылдық тәжірибесі бар.
Гульнар Салимовна 1987 жылы Алматы қаласындағы қалалық медицина колледжін бітіріп, жолдама бойынша Шығыс Қазақстан облысына жіберілді және онда 3 жыл жұмыс істеді. Дәл сол жерде ол өз мамандығының практикалық дағдыларын меңгерді.
«Барлығын маған Серебрянск қаласында үйретті. Бұл қалаға алғысым шексіз. Аурухана қызметкерлері өте тамаша және жарқын жүзді болды. Осы қалада 3 жыл жұмыс істегеннен кейін Астанаға барып, балалар медбикесі болып жұмыс істедім», – деп еске алады Гүлнәр. Әрі қарай кейіпкерімізді Алматыға біліктілігін арттыруға жібереді. Оған бұл жер қатты ұнады, қала оны таң қалдырды және ол күйеуі екеуі осында тұруға шешім қабылдады.
Алматыда Гульнара қаладағы ауруханалардың бірінде 17 жыл бойы босану блогында акушер болып жұмыс істеген.
2011 жылы Алматыда Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы ашылып, дәл сол тұста кейіпкеріміз осы клиникаға жұмысқа келді.
Гульнар айтқандай, медицинада пациентпен қарым-қатынасты табу, оны сәтті нәтижеге жеткізу өте маңызды.
«Мен табиғатымнан жаны жарқын адаммын, пациенттерімді де оң көңілді болуға бағыттауға тырысамын, мен оларға әрқашан: жүктілік ауру емес, бәрі жақсы болады деп айтамын»- дейді ол.
Әріптестерінің айтуынша, Гульнара өз ісінің кәсіби маманы, позитивті, мейірімді, жігерлі. – Міне, біздің Гульнар Салимовна осындай адам – әрқашан қамқор, сабырлы. Әрбір әйелмен жеке тіл табуды біледі. Көптеген жылдар өтсе де, ол көптеген босанған әйелдермен жылы достық қарым-қатынаста, – дейді әріптесі Айгуль Жасыбекова.
Редакциямыз өз кезегінде Гульнар Салимовнаны мерекесімен құттықтап, ыстық ықыласы, шыдамдылығы мен төзімділігі, тынымсыз игілікті еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін шын жүректен алғысын, шынайы ризашылығын білдіреді!
https://perinatal-cardio.kz/kz/zhanaly-tar/215-meditsina-yzmetkeri-k-ni-aza-standa-zhyl-sajyn-mausym-ajyny-shinshi-zheksenbisinde-atap-tiledi.html#sigFreeIde62b3221be