Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының базасында «Неонаталды қарқынды терапиядағы өзекті мәселелер» тақырыбы бойынша халықаралық симуляциялық тренингтің 2-ші күні аяқталды.
Лоайса Уго Карлос қазақстандық қызметкерлермен бірге екі күн бойы тыныс алу механикасы және осы салада білімдерін қолданбалы қолдану, тікелей қарқынды терапия бөлімшесіндегі тәжірибе мәселелерін талқылады. - Біздің курстың құрылымы өте қызықты, өйткені бізде тек дәріс қана оқылып қоймай, аппаратпен де тікелей жұмыс жасатамыз, яғни оқыту тәжірибе жүзінде де жүзеге асырылады, - деп ол атап өтті. Еске салайық, бұл тренинг бес күнге есептелген, оның аясында өкпенің инвазиялық желдетілуі негіздері, тыныс алу механикасы, газ алмасудың патофизиологиясы, респираторлық қамтамасыз ету әдістері мен режимдерінің жіктелімі, adaptive, set-point таргеттеу әдісімен басқарылатын қысыммен өкпені желдету, инвазивті емес респираторлық қолдауды қамтамасыз ету және мониторинг, неонатологиядағы әртүрлі патологиялар кезіндегі инвазивті респираторлық қолдаудың ерекшеліктері және өзге де мәселелер талқыланады. Арнайы шақырылған спикерлер: Лоайса Уго Карлос – Дмитрий Рогачев атындағы Балалар гематологиясы, онкологиясы және иммунологиясы ұлттық медициналық зерттеу орталығының аккредиттеу және симуляциялық орталығының меңгерушісі, GISP педиатриядағы симуляция бойынша Халықаралық топтың үйлестірушісі, педиатрия және неонатологиядағы респираторлық қолдау бойынша испандық жұмыс тобының нұсқаушысы. Юденков Денис Иванович - анестезиолог-реаниматолог, Щелково перинаталды орталығының жаңа туған нәрестелердің реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі, GISP педиатриядағы симуляция бойынша халықаралық топтың нұсқаушысы. Елисеева Наталья Владимировна – Мәскеу қаласы Н.Ф. Филатов атындағы №13 БҚКА РҚТБ анестезиолог-реаниматологі, GISP педиатриядағы симуляция бойынша халықаралық топтың нұсқаушысы.