Қалада нәресте өлімінің жоғары деңгейі сақталып отырғандықтан, бірінші болып баратын нысан Алматыдағы ең ірі босандыру мекемесі – Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы болды.
Жыл сайын Орталықта 12 мыңнан астам адамға медициналық көмек көрсетіледі, мамандар қауіпті санаттағы 9 мыңнан астам жүкті әйелдерді босандырады, оның ішінде салмағы өте төмен, жүректің туа біткен ақаулары және басқа да патологиялары бар балалар бар. Орталықта балаларды күту және кардиохирургиялық операциялар жасау бойынша білікті мамандар бар (орта есеппен жылына 150-200 операция жасалады). Әйткенмен, Орталықтың қазіргі инфрақұрылымы, әсіресе операциялық-реанимациялық бөлімшелері мен емхана күрделі жөндеуді және жаңғыртуды қажет етеді. Операциялық бөлмелерде желдету толық жұмыс істемейді, сонымен қатар жылу жүйесін, кәріз құбырларын ауыстыру, шатырды, лифттерді жөндеу және т.б. қажет. Алматы әкімі Ерболат Досаев 2023 жылы құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау үшін Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қаламыздың Құрылыс басқармасымен бірлесіп, ағымдағы жылы аталған мәселелерді кешенді түрде шешуге қажетті зерттеу және жобалау жұмыстарын жүргізуді тапсырды.