Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының кәсіподағы директор Гульнара Нурланованың жетекшілігімен бүгін бірінші сынып оқушыларын келе жатқан Білім күнімен құттықтады! Бірінші сынып оқушыларына корпоративтік сыйлықтар: иыққаптар мен қаламсауыттар, сондай – ақ оқу мен шығармашылыққа арналған мектеп жиынтықтары - бояулар, қарындаштар, дәптерлер, ермексаз берілді. Сыйлықтар 40 балаға берілді! Оқушыларды 1 қыркүйекке дайындау - Орталықтың әлеуметтік бағдарламасының ажырамас бөлігі болып табылады.