Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының бас мейірбикесі Алия Амиреева Израильдегі «Орта медициналық персоналға арналған госпитальдік сервис» тақырыбындағы оқытуға қатысады.
🔹 Оқыту 2022 жылғы 25 қазаннан 4 қарашаға дейін Израильдің медициналық орталықтарында өтеді, оған Алматыдан келген бас мейірбикелер, аға медбикелер, кадр резервінің медбикелері қатысады.
➡️➡️➡️ Бүгінгі таңда денсаулық сақтаудың мемлекеттік секторы сапалы, қолжетімді және қауіпсіз медициналық көмекпен қатар сапалы қызмет көрсету үшін трансформацияны қажет етеді. Бүгінгі таңда денсаулық сақтау менеджерлері пациенттерге медициналық қызмет көрсетудің барлық кезеңдерінде госпитальдық менеджментті енгізу арқылы медициналық ұйымда қауіпсіздік мәдениетін сақтау мақсатында пациенттердің ғана емес, медицина қызметкерлерінің де қажеттіліктерін қанағаттандыруы керек.
🖊🖊🖊 Озық халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында мейіргерлік практикада госпитальдық менеджмент тұжырымдамасын әзірлеу және енгізу өте маңызды, өйткені біздің елімізде халыққа медициналық көмек көрсету тәсілдерін жақсарту мақсатында мейіргерлік іс қарқынды дамып келеді.
📌📌📌 Кез-келген сапалы медициналық көмектің артында белгілі бір шығындарды көтеретін мейірбикелік үдерісті ұйымдастыру жатыр. Сондықтан да бизнес-үдерістердің барлық қатысушыларының қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында мейірбике деңгейінде тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін бизнес-үдерістерді түсіну мен қаржылық сауатты болу маңызды.
🖊🖊🖊 Медициналық ұйымдарда медициналық қызметтерді алудың барлық кезеңдерінде пациент үшін қолайлы жағдайлар жасау, медициналық ұйымның барлық үй-жайларында оңтайлы микроклимат жасау - ақыр аяғында Қазақстан азаматтарының халықаралық стандарттарға сәйкес келетін қолжетімді және сапалы медициналық көмекке құқықтарын іске асыруға ықпал ететін болады.
Аталған орта медициналық персоналға арналған госпитальдық сервис бойынша 10 күндік курс мейірбике ісі менеджерлеріне уақытты басқару, қаржылық және HR менеджмент құралдарын пайдалана отырып, мейірбике деңгейінде бизнес-үдерістерді қалай дұрыс құру керектігін түсінуге мүмкіндік береді.
Ұйымдастырушы: Алматы қ. ШЖҚ «Жоғары медициналық колледж» КМК Оқу-әдістемелік орталығы
🔊 Оқытудың жоспарланған нәтижелері.
Бағдарламаны игеру нәтижесінде тыңдаушы:
✅ госпитальдық менеджментті, мейірбике ісіндегі госпитальдық бенчмаркингті, инфекциялық бақылауды және инфекциялардың алдын алудың негізгі компоненттерінің қағидаттарын, бизнес-үдерістердің логистикасы мен реинжинирингі саласындағы мейірбикелік үдерісті, мейірбике жұмысындағы тайм-менеджментті, мейірбике ісіндегі бизнес-үдерістерді жүйелеу мен автоматтандыру негіздерін (мейірбикелік құжаттаманы жүргізуді және мейірбикелік рәсімдерді стандарттауды), бизнес-үдерістерді жүйелеу мен автоматтандыруға қатысты медициналық ұйымдағы сапа менеджменті жүйесін, медбикелердің қызметі бойынша медициналық ұйымдарды аккредиттеудің негізгі стандарттарын, мейірбике ісіндегі қаржылық-құқықтық қызметті, мейірбике ісіндегі маркетингті, мейірбике ісіндегі әкімшілік үдеріс пен менеджментті, мейірбике ісіндегі HR менеджментті, медициналық персонал қызметінің тиімділігін бағалау критерийлерін білуге;
✅ қауіпсіздік мәдениеті арқылы жанжалдарды басқара білуге, ТРИАЖ сұрыптамасын, төтенше жағдайлардағы іс-қимыл алгоритмін, мейірбике мамандарының уақыт хронометражын, госпитальдық бенчмаркингті (коллобарация жүргізуді) қолдануға, мейірбикелердің кәсіби дамуын ынталандыруға, пациенттерге үздіксіз күтім жасауды ұйымдастыруға, медициналық жабдықтармен жұмыс істеуді, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды есепке алу мен сақтауды жүргізуге, мейірбике ісінде тайм-менеджмент пен маркетингті қолдануды, бизнесті жүйелеуді – мейірбике ісіндегі үдерістерді, медициналық персоналды уәждемелеуге бағалау жүргізуге міндетті.
https://perinatal-cardio.kz/kz/zhanaly-tar/233-perinatologiya-zh-ne-balalar-kardiokhirurgiyasy-ortaly-yny-bas-mejirbikesi.html#sigFreeId73bfc263b4