Алматы қаласының Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына сараптамалық бағалау нәтижелері бойынша жоғары санатты мәртебесі бар аккредиттеу туралы куәлік берілді.
Естеріңізге сала кетейік, аккредиттеуге қатысу - медициналық қызметтер нарығында бәсекелестік туғызуға мүмкіндік береді, ұйымның белгіленген сапа стандарттарына сәйкестігін растайды. Сондықтан да медициналық мекемеде аккредиттеу туралы сертификаттың болуы қызмет сапасының, пациенттің жайлылығы мен қауіпсіздігінің белгілі бір деңгейін көрсетеді.