2023 жылдың 26 ​​мамырында ШЖҚ КМК «Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының» директоры  Нұрланова Гүлнар Қазтайқызы мен №1 Тюмень облыстық клиникалық ауруханасының бас кардиохирургы Горбатиков Кирилл Викторович өзара түсіністік пен  серіктестік туралы меморандумға қол қойды.  Басты мақсаттары: екі тарап жақтан «Туа біткен жүрек ақауы» деген диагнозы бар балаларға кардиохирургиялық қызметті дамыту, сондай-ақ, медицина мамандарының біліктілігін арттыру үшін ТЖА-мен  балаларды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін қолдану.     

   Екі тараптың көздегені: ұзақ мерзімде  ынтымақтастық қарым-қатынасты сақтай отыра, туа біткен жүрек ақауы бар  науқас балалардың өлім-жітім көрсеткішін төмендету. Медициналық мекемелер тарапынан  кардиохирургия бөлімінің мамандарының  кәсіби біліктілігін арттыруын ұйымдастыруы  бойынша ақпарат алмасты. Ынтымақтастық арқылы кардиохирургтар туа біткен жүрек ақауымен ауратын  балаларды емдеу үшін  кардиохирургия саласындағы тиімді заманауи емдеу аппаратымен мен технологияларын енгізетін болады. 

   Сұхбат барысында Гүлнар Қазтайқызы мен Кирилл Викторович туа біткен жүрек ақауы бар балаларды емдеуде  ота жасаудың  жаңа әдістерін әзірлеудің, сонымен қатар  «Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы»   дәрігерлерінің біліктілігін арттыру үшін бірлескен бағдарламаларды жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды. Екі тарап та симуляциялық оқытудың сапасын арттыру және тәжірибе мен білім алмасу қажет деп санайды. Гүлнар Қазтайқызының айтуынша, отандық кардиохирургтар  тек кәсіби тренерлердің шеберлік сабақтарына қатысуы керек. Бұл біздің халықтың денсаулығын жақсартуға көмегін тигізеді. ШЖҚ КМК «Перинотология және балалар кардиохирургиясы орталығының» атынан салт-дәстүрімізді қадірлеп, қонақжайлылығымызды таныту мақсатында директор Гүлнар Қазтайқызы мәртебелі қонақ ретінде  Кирилл Викторовичке ұлттық киіміміз – камзолды сыйға тартты.  Екі тарап та медициналық  орталықтар арасындағы кәсіби қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытуға көмектеседі деген қорытындыға  келді.