ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және Алматы қаласы әкімдігінің, Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен бүгін 1 маусымда «Халықаралық балаларды қорғау күніне» арналған «Салауатты ұрпақ – Қазақстанның болашағы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Аталған конференцияны Алматы қаласы ДСҰ ШЖҚ КМК «Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы» ұйымдастырды. Ғылыми-практикалық конференцияның басты мақсаты – алған тәжірибелерімен бөлісу, «Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының» қол жеткізген нәтижелерін талдау, ең басым бағыттар бойынша соңғы ғылыми жетістіктері мен болашақтың технологияларын талқылау. Конференцияға Италия, Австрия, АҚШ, Испания, Ресей Федерациясы сияқты 11 елдің ғалымдары қатысты. Сондай-ақ еліміздің жетекші дәрігерлері, акушерлік, неонатология саласындағы білікті мамандар, балалар кардиохирургтары, ультрадыбыстық диагностика және мейірбике ісі мамандары, медициналық жоғары оқу орындарының басшылары мен студенттері де іс-шарада бас қосты. Пленарлық отырыста ұрпақтың дені сау болып  тууы  керектігі жайында айтылды, медициналық мекемелерді дамыту және медициналық ұйымдарды салу жоспарлары талқыланды, сәбилерді емдеу бойынша тәжірибелерімен бөлісті.


«Салауатты ұрпақ-Қазақстанның болашағы» конференциясы кәсіби скрипкашылар орындаған классикалық музыкамен басталды. Экрандарда «Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы» туралы қысқаметражды деректі фильм ұсынылды. Бас демеушілер медициналық технологиялардың көрмесімен қуантты. «Перинаталогия және балалар кардиохирургиясы орталығының» директоры Нұрланова Гүлнара Қазтайқызы құттықтау сөз сөйледі. Ол кісі орталықтың атқарған жұмыстары туралы есеп беріп, барлығына конференцияға белсенді түрде қатысқаны үшін алғысын білдірді. Гүлнара Қазтайқызы конференция үздіксіз біліктілікті арттыру мақсатында өткізілетінін және ол басты емделушілер – балаларға, әсіресе «Халықаралық балаларды қорғау күніне» арналатынын атап өтті. Себебі, дені сау ұрпақ-біздің болашағымыз екенін бөліп жарды.
Сондай-ақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, бейбітшілік және рухани келісім Президенттік сыйлығының лауреаты, «Алтын Адам» ұлттық сыйлығының лауреаты Нина Амировна Каюповаға алғыс айтқымыз келеді. Ол көптеген жылдар бойы акушерлік ғылыми орталығын басқарды және барлық қатысушыларды ана мен баланың денсаулығын жақсартуға үлес қосуға шақырды. Сондай - ақ, Нина Амировна отбасы бірлігін құруға жауапкершілікпен қараудың қаншалықты маңызды екенін атап өтті.
Пленарлық отырыстан кейін қатысушылар әртүрлі секциялық залдарға бөлінді. Олар ұйымшыл құраммен перинаталдық көмектің, балалар кардиохирургиясының, неонатологияның, ультрадыбыстық диагностиканың және балаларға паллиативтік көмектің өзекті мәселелерін қарастырды. Шетелдік және отандық ғалымдар ондаған өзекті тақырыптарға баяндамаларын, презентацияларын ұсынды. Белсенді қатысушыларға сертификаттар, дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.
ШЖҚ КМК «Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы» балалар мен аналарға көрсетілетін көмектің сапасын арттыру үшін бар күшін салады. «Салауатты ұрпақ – Қазақстанның болашағы» сияқты ғылыми-практикалық конференциялар жаңа білім алуға, жаңа технологияларды үйренуге, шеберлік сыныптары арқылы біліктілікті арттыруға және пікірлестерді табуға мүмкіндік береді.Іс шара соңында,әр түрлі бағыттағы жетекші мамандар бірігіп, тағы да салауатты болашақ үшін ең бастысы ана мен баланың денсаулығын жақсарту мақсатын алға  қойды.