Ресей Федерациясының еңбек сіңірген дәрігері, Тюмен облысының бас кардиохирургі Горбатиков Кирилл Викторовичтың шеберлік сабақтарынан кейін «Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының» кардиохирургтары 4жасар балаға жасанды қан айналымы жағдайында «Туа біткен жүрек ауруына» оң жақ алдыңғы бүйірлік торакотомиядан қол жеткізу арқылы радикалды түзетуді алғаш рет жасап көрді. Бұндай ота біздің орталықта бірінші рет жасалып жатыр. Балаға туа біткен жүрек ауруының: қарыншааралық перденің ақауы диагнозы бойынша жедел түрде хирургиялық ем қажет болған. Әкесінің айтуынша, баласы 6 айға толған кезде стационарлық емдеуден кейін консервативті тактика ұсынылған. Олар «Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының» емханасында үнемі қаралып жүрген. Госпитализациядан кейін кардиохирургтар мен реаниматологтардың бірлескен шешімімен 8 маусымда балаға ота жасалды. Ұзақтығы аталмыш ақауда ерекше әдіспен қол жеткізу арқылы 3,5 сағатқа созылды. Дәрігердің мәлімдеуінше ота сәтті аяқталды. Қазір бала аман-есен үйге жіберілді.
4 жасар баланың ата- анасы "Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының" кардиохирургтарына рақметін айтуда. Ал, бақытты бала өзінің екінші туған күні үшін ризашылығын білдіріп, шипа тапқан жүрегінде кардиохирург-Геннадий Станиславовичке шексіз алғысын сақтайтынын мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда балалардағы ақаулар арасында жетекші орынды жүрек-тамыр жүйесінің туа біткен ақаулары алады. «Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының» дәрігерлері 2023 жылдың басынан бастап балаларға 100-ден астам кардиохирургиялық ота жасады, оның 40% - ы жаңа туған нәрестелер.
«Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының» дәрігерлері еліміздің салауатты болашағы үшін балаларды емдеуде тынбай еңбектенуде.
https://perinatal-cardio.kz/kz/zhanaly-tar/247-ekinshi-tu-an-k-nim-shin-my-al-ys.html#sigFreeId32a389e02a