Мейірбике күніне орай, Сіздерді Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының қызметкерлерімен таныстырамыз!
Ляззат Мамытбекова – Анестезиология және қарқынды терапия бөлімшесінің аға медбикесі
2000 жылы Талғар медициналық колледжін бітірді, содан кейін Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына жұмысқа келді.
Мұнда 10 жыл (орталық құрылғаннан бері) жұмыс істейді.
Реанимация бөлімшесіндегі медбикенің жұмысы үлкен психологиялық және физикалық жүктемелермен байланысты. Сондықтан жансақтау бөлімінде жұмыс істейтін медбике психолог, ұстаз, тәлімгер және т.б. болуы керек, ал Ләззат Мамытбекова сондай адам болып табылады.
Бұл бөлімшедегі пациенттер медициналық қызметкерлерден, әсіресе медбикелерден жоғары көңіл бөлуді қажет етеді.
Ләззат Мамытбекова отбасындағы жалғыз қыз. Бала кезінен туыстарына көмек көрсетуге үйлеріне келген медицина қызметкерлерінің жұмысын бақылаған. Бұл оны медицинаға түсуге итермеледі.
Кейіпкеріміз, ол туралы әріптестері айтқандай - ақ көңіл, мейірімді, өз ісінің кәсіби маманы.
Бірақ медбике дәл осындай болуы керек қой, әсіресе ауыр пациенттері бар бөлімшеде.
Өйткені, олар толығымен солардың жұмысына байланысты: біліктілігіне, мейірімділігіне, жылы лебізіне, назары мен жауапкершілігіне.
Бұл өте жауапты жұмыс, өйткені мұнда қызметкер барлық органдар мен жүйелердің тіршілік әрекетін бақылауды қамтамасыз етеді.
Науқастың жағдайындағы азғантай өзгерістер немесе алынған зерттеулердің көрсеткіштері, бақылау құрылғыларының мәліметтері, бөлінген және енгізілген сұйықтықтардың көлемі туралы дер кезінде хабарлау және оларды бақылау парағына тіркеу мейірбикенің бірінші міндеті болып табылады.
- Біздің бөлімшеде шұғыл, кездейсоқ жағдайлар өте көп болады. Әрине, науқаспен бірдеңе дұрыс болмай қалса, қиын күйде боласың... Бірақ, керісінше, ауыр халдегі пациент өмірге жармасып, жанталасып жатқанда және кәдімгі бөлімшеге ауыстырғанымызда, еңбегіміздің жемісін көргенде мұны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бұл жеңіс...! - дейді Ләззат Мамытбекова жұмысы туралы.