Іс-шара шеңберінде педиатрия және неонатологияның өзекті мәселелері, балалық шақ ауруларын диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері, педиатриялық тәжірибедегі сирек кездесетін және қызықты клиникалық жағдайлар,
әртүрлі соматикалық патологиясы бар балаларға паллиативтік көмек көрсету, МСАК деңгейінде балаларға медициналық көмек көрсетудің сапасы мен сабақтастығын арттыру және жаңа туған нәрестелер мен балаларға мейірбикелік - акушерлік көмекті ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Конференцияда осы сала бойынша жеке іс-жүзіндегі тәжірибесі бар жетекші шетелдік және отандық сарапшылардың баяндамалары мен презентациялары ұсынылды.