Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Кездесу аясында орталық директоры Гульнара Нурланова әріптестерін осы айтулы күнмен құттықтап, марапаттар табыстады.

Өзінің кіріспе сөзінде:

-Бұл мереке Қазақстанның көпұлтты халқының бірлігінің, әрқайсымыздың өз Отанымызға деген шексіз сүйіспеншілігіміздің символына айналды. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы-мықты, қарқынды дамып, өркендеп келе жатқан мемлекет! Біздің басты мақсатымыз – әр үйдегі бейбітшілік пен келісім, амандық пен молшылық.

Әр үйге және әр отбасына денсаулық, бақыт пен тыныштық тілеймін! Отанымыз – Қазақстан Республикасы гүлденіп,  өркендей берсін!" –деп атап кетті.