Бүгін Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында ҚР Президентіне кандидаттың сенімді тұлғаларының мүшелері орталық ұжымымен президенттікке үміткер Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.
Кездесу барысында қалалық қоғамдық штаб мүшесі Р.Алшанов жаңа мемлекеттік саясатқа көшу әділ мемлекет - әділ экономика - әділ қоғам атты өзара байланысты үш қағидатқа негізделетінін атап өтті. Сондай-ақ Қ.Тоқаевтың сайлау алдындағы бағдарламасының басымдықтары туралы да айтып кетті.
Республикалық штабтың мүшесі С.Канкуров ұжым алдында сөйлеген сөзінде дәрігерлер күн сайын мыңдаған баланы құтқаратынын атап өтті.
- Дені сау балалар - дені сау ұлт деп бекер айтылмаған. Ата-ана үшін ауырып қалған баладан жаман ештеңе жоқ. Өкінішке қарай, соңғы жылдары статистика аурулардың жасарып бара жатқанын көрсетеді. Сондықтан Президент Балалар онкологиясы мен гематологиясының ұлттық орталығын құру туралы міндет қойып, сайлауалды бағдарламасында денсаулық сақтауды дамытуға маңызды орын бөліп отыр және дәрігерлік кәсіптің мәртебесін заңнамалық тұрғыдан нығайтуды, медицина қызметкерлерін қорғау мен қолдауды күшейтуді, цифрландырудың арқасында дәрігерлердің есептілігін төмендетуді, ауылдық жерлерде 700 жаңа медициналық нысан ашуды, денсаулық сақтау саласында 2027 жылы қаржыландыру деңгейі кемінде ЖІӨ-нің 5%-ы болатын саланы дамытудың тұрақты моделін құруды ұсынады. Сонымен қатар көптеген басқа да мәселелер бар, - деп атап өтті.
https://perinatal-cardio.kz/kz/zhanaly-tar/234-b-gin-perinatologiya-zh-ne-balalar-kardiokhirurgiyasy-ortaly-ynda-r-prezidentine-kandidatty-senimdi-t-l-alaryny-m-sheleri-ortaly-zhymymen-prezidenttikke-mitker-to-aevty-sajlaualdy-ba-darlamasyn-t-sindiru-bojynsha-kezdesu-tkizdi.html#sigFreeId74403181ca