Перинаталдық скрининг бағдарламасы аясында Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының базасында қала әкімдігі және С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ қолдауымен, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Орал федералды округі бас акушер-гинекологы, РФ еңбек сіңірген дәрігері Башмакова Надежда Васильевнаның акушерлік клиникадағы заманауи технологиялар мен инновацияларға, атап айтқанда, ұрық хирургиясы әдістерін енгізу және дамыту мәселелеріне арналған оқу бағдарламасы басталды.
Іс-шараны ашқан Алматы ҚДСБ басшысының орынбасары Назгүл Иманғалиева мұндай семинардың маңыздылығын атап өтіп, бұл сөзсіз перинаталдық сырқаттанушылық пен көп жүктілік кезіндегі өлім-жітім деңгейі мен кейбір туа біткен даму ақауларын төмендетуге мүмкіндік беретінін сөз етті.
С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ акушерлік және гинекология кафедрасының резиденттері, (акушерлік және гинекология мамандықтары), оқытушылары, сондай-ақ практикалық дәрігерлер және клиникалық базалардың тәлімгерлерімен бес күндік оқыту семинары шеңберінде келесі мәселелер қаралатын болады:
🔹 Фетальді хирургия: проблемалар, мүмкіндіктер және серпінді технологиялар
🔹 Кесарь тілігінен кейін табиғи босану
🔹 Акушерлік қан кету. Қан менеджменті
🔹 Плацентаның бірігіп кетуі кезіндегі "қансыз " хирургия
🔹 Акушерліктегі септикалық асқынулар. Диагностика, емдеу және алдын алу
🔹 Ұрықтан айрылу синдромы. Жүктіліктің соңына дейін жетпеуі: клиникалық хаттамалардың мәселені шешуге қосқан үлесі. Истмико-церквиальді жеткіліксіздік. Заманауи түзету технологиялары
🔹 Бедеулікті емдеудің инновациялық әдістерін сынақтан өткізудің клиникалық хаттамалары. Хирургиялық гемостаз
🔹 Плацентаның алдында жатуы. Плацентаның мерзімнен бұрын бөлінуі
🔹 АФС синдромы. HELLP синдромы
🔹ЭКО-дан кейінгі жүктілік. Көпұрықты жүктілік
🔹 Кесарь тілігі
https://perinatal-cardio.kz/kz/zhanaly-tar/241-perinataldy-skrining-ba-darlamasy-ayasynda-perinatologiya-zh-ne-balalar-kardiokhirurgiyasy.html#sigFreeId2185fec983