Халықаралық медбикелер және акушерлер күнімен құттықтаймыз! Орта медицина қызметкерлерінің өкілдері медбикелер, мейіргерлер, фельдшерлер, лаборанттар және акушерлерсіз медицина саласын елестету мүмкін емес. Халық денсаулығын жақсарту жолындағы сіздердің еңбектеріңіз ұшан теңіз. ШЖҚ «Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының» бас дәрігері Гүлнар Қазтайқызы салтанатты жиында барлық медбикелер мен акушерлерге ыстық лебізін білдірді: «Адамгершілігі мол абзал жандар, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Қызмет жолында атқарған еңбектеріңіз еселеніп қайтсын! Сіздерге зор денсаулық және әрқашанда көтеріңкі көңіл-күй тілеймін!» Алғысын білдіре отырып, Гүлнар Қазтайқызы 17 медбикелер мен акушерлерді мақтау қағаздарымен марапаттады.
ШЖҚ «Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының» КМК ұжымы атынан барлық медбикелер мен акушерлерді кәсіби мерекесімен құттықтаймыз.
https://perinatal-cardio.kz/kz/zhanaly-tar/243-khaly-araly-medbikeler-zh-ne-akusherler-k-ni.html#sigFreeIdbf474bb3b6